Жаңалықтар



Аула клубтары арасында тоғызқұмалақ бойынша жарыстар


04 12 2016

Ұлттық спорт түрлерін таныту, балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» мерекелеу шегінде 2016 жылдың 2-4 желтоқсан аралығында Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтарының командалары арасында XIV Спартакиада бағдарламасында тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өткізілді. 
2 желтоқсан – аудандық жарыстар Қазыбек би атындағы аудан мен Пришахтинск аула клубтары арасында тоғызқұмалақ бойынша өтті.
3 желтоқсан – Майқұдық және Сұрыптау аула клубтары арасында.
4 желтоқсанда «Мир» балалар-жасөспірімдер клубының базасында жарыстың 2 күнінің қорытындысы бойынша жүлдегерлер арасында ақтық жарыстар өткізілді.
Жүлделі орындарды келесі командалар алды:
I орын– «Мұрат» балалар-жасөспірімдер клубының командасы (Майқұдық)
II орын – «Болашақ» балалар-жасөспірімдер клубының командасы (Пришахтинск)
III орын – «Восток» балалар-жасөспірімдер клубының командасы (Майқұдық)
Жеңімпаз команда Қарағанды қ. спорт бөлімінің дипломымен, қатысушылар грамоталары мен сыйлықтарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды қ. ДТжСБ «Шахтер» КМҚК бірлесіп.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»