Жаңалықтар



«ӘСЕМ ӘНІМ» ашық вокал байқауы


28 11 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу жылы және ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында 2016 ж. 25 қарашада музыкалық комедия театрында «Әсем Әнім» ашық вокал байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, дарынды орындаушылар мен ұжымдарды анықтау.
            Байқау жеті жас тобында 2 номинацияда өткізілді (3-тен 22 жасқа дейін):
1. «Көркем сөз»
2.  «Вокал»
Байқауға барлығы Жезқазған, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан және Ботақара, Долинка және Новодолинка ауылдарынан 100 астам вокалшылар мен мәнерлеп оқушылар қатысты. Сонымен қатар байқауға Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтары қатысты.
Қазылар шешіміне сәйкес «Бас жүлде» атағы келесі қатысушыларға берілді:
«Вокал» Номинациясы
- Трио «Бәйшешек»  («Балалар-жеткіншектер орталығы» Шахтинск қ.);
- Дементьев Кирилл  («Мәдениет үйі» Новодолинка ауылы)
«Көркем сөз» Номинациясы
- Аманжолова Аңсарым (Қарағанды қ., «Nai Producion» киностудиясы)
- Швецов Александр (Қарағанды қ., «Мирас» балалар-жасөспірімдер клубы).
Сонымен қатар әр жанрдың әр жас тобында І,ІІ,ІІІ дәрежелі лаурет атағы берілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» мерекелеу шегінде өткізілді.
Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»